«Еуропалық Одақтың институционалдық жүйесінің эволюциясы контексіндегі еуропалық дипломатия» халықаралық ғылыми вебинары

24 наурыз 2020 ж. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Қазақстан), Ужгород ұлттық университеті (Украина), Қоғамдық пікір институты (Словакия), Еуроинтеграцияны зерттеу институты (Украина), Көші-қон және демография ғылыми-зерттеу институты (Украина) өкілдерінің қатысуымен халықаралық вебинар өткізілді. Ұйымдастырушы – Ужгород ұлттық университеті. Вебинар үш ғылыми іс-шарадан тұрды: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық қатынастар факультетіндегі   «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» атты жоба мүшелерінің  украиналық және словакиялық әріптестерімен бірге өткізген  «Институционалдық жүйенің эволюциясы жағдайындағы еуропалық дипломатия» халықаралық семинары, «Жаһандану жағдайындағы Украинаның көші-қон саясаты: басқару тәжірибесі және қазіргі қауіптер» атты ғылыми-практикалық интернет-конференция. Сонымен бірге, профессор,  Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б Сыдыковтың  «Шәкәрім» кітабының профессор П. Токарь украин тіліне аударған нұсқасының тұсау кесері болды.

«Институционалдық жүйенің эволюциясы жағдайындағы еуропалық дипломатия» халықаралық семинары аясында Еуропалық Комиссияның Эразмус + шеңберіндегі  «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобасының мүшелері өз пікірлерімен бөлісті. Жобаның үйлестірушісі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің халықаралық қатынастар кафедрасының профессоры м.а.  Жанар Медеубаева өз сөзінде әлемдегі қазіргі қиын геосаяси ахуал, Еуропадағы дағдарыстық құбылыстардың өзі еуропалық дипломатияның ауқымы мен мүмкіндіктеріне әсер ететіндігін атап өтті. Соған қарамастан, ЕО жалпы мүдделер аймағында жалпыға бірдей қауіпсіздік пен тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға тырысады. ЕО-ның Қазақстандағы академиялық дипломатия мәселелері ғылыми семинар барысында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің аймақтану кафедрасының профессоры Райхан Таштемханованың баяндамасында қарастырылды. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің докторанты, жобасының қатысушысы Райхан Жанбулатованың ЕО трансшекаралық ынтымақтастық саласындағы институционалды практикасына арналды.

            

«Жан Моне Кафедрасы. Еуропалық дипломатия»  жобалық тобы профессор Петр Васильевич Токарға вебинар ұйымдастырғаны үшін үлкен алғыс білдіреді. Ужгород ұлттық университетінің (Украина), Қоғамдық пікір институтының (Словакия), Еуроинтеграцияны зерттеу институтының (Украина), Көші-қон және демография ғылыми-зерттеу институтының (Украина)  өкілдеріне қызықты пікір алмасу үшін мың алғыс!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған