Австрия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Герхард Сайлердің дәрісі

       

4 наурыз айында Л.Н. Гумилев ЕҰУ-де Австрияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Герхард Сайлер «Көп жақты дипломатия. БҰҰ-ға 75 жыл» тақырыбына дәріс оқыды.


Іс-шараға студенттер, магистранттар және халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары қатысты. Дәріскер БҰҰ-ның құрылу тарихы, осы ғаламдық ұйымның әлемдік саясаттағы рөлі туралы айтып, бірқатар аймақтық халықаралық ұйымдардың қызметіне тоқталды. Ұсынылған мәселелерді талқылап, отырысқа қатысушылар өз пікірлерін белсенді білдірді.


Дәріс Эразмус+ бағдарламасының аясында   Еуропалық Одақтың Европалық Комиссиясы қаржыландырылған   «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобасының жүзеге асыру жобасы бойынша өткізілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған