«Еуропалық Одақтың институционалдық жүйесінің эволюциясы жағдайындағы еуропалық дипломатия» халықаралық ғылыми семинар

2020 ж. 24 наурызда  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің «Жан Моне – Еуропалық дипломатия» кафедрасы Ужгород ұлттық университетінің Тарих және халықаралық қатынастар факультетімен, УжНУ-дің Еуроинтеграциялық зерттеулер институтымен, Көші-қон және демография ғылыми-зерттеу институтымен бірге «Еуропалық Одақтың институционалдық жүйесінің эволюциясы жағдайындағы еуропалық дипломатия» тақырыбындағы халықаралық ғылыми семинарын, сонымен қатар, «Жаһандану жағдайындағы Украинаның көші-қон саясаты: басқару тәжірибесі және қазіргі қауіптер» тақырыбындағы практикалық интернет-конференциясынұймдастырады.

Ғылыми шаралар 2020 жылы 24 наурызда УжНУ-дің мәжіліс залында өтеді. Іс-шаралар сағат 10. 00 басталады, Ужгород қ –сы, Занковецкая к-сі, 89-В адресі бойынша.

Семинар мен конференцияның нәтижелері бойынша материалдар жинағын шығару күтілуде.

Іс-шаралар туралы ақпаратты UzhNU веб-сайтынан таба аласыз: http://www.uzhnu.edu.ua/

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған