Австрияның Қазақстан Республикасындағы  Елшісі дәріс оқиды

2020 жылы  4 наурызда, сағат 15: 00-де Австрияның Қазақстан Республикасындағы  Елшісі доктор Герхард Сайлер 340 аудиторияда – «Жан Монне кафедрасы.  Еуропалық дипломатия»  аудиториясында дәріс оқиды. Дәріс Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ң халықаралық қатынастар факультетінде өтеді. Дәріс тақырыбы: «Көп жақты дипломатия. БҰҰ-ға 75 жыл».

Іс-шара Еуропалық Комиссия  Эразмус + бағдарламасы бойынша қаржыландырған  «Жан Монне кафедрасы.  Еуропалық дипломатия» жобасын жүзеге асыру жоспарына сәйкес өтеді. Халықаралық қатынастар факультетінің студенттері мен оқытушыларынан басқа тарих, заң факультеттері, әлеуметтік ғылымдар факультеті мен  саясаттану және журналистика факультетінің   осы тақырыпқа қызығушылық танытатын өкілдері шақырылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған