«Еуропалық дипломатия және адам құқықтары» онлайн халықаралық мектеп

Ағымдағы жылдың 01 мен 15 қазан аралығында «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобасы аясында  онлайн-форматта «Еуропалық дипломатия және адам құқықтары» тақырыбында, онлайн режимінде, zoom платформасында, жалпы 72 сағат көлемінде өткізілген халықаралық мектеп жұмысын аяқтады.

Мектептің жұмысына барлық деңгейдегі студенттер, жоғары және орта оқу орындарының, колледждердің оқытушылары, барлығы 88 талапкер қатысты.

       

Мектептегі дәріс берушілер – университет профессорлары, практик заңгерлер, сөз бостандығын қорғауға арналған қоғамдық қорлардың өкілдері болды. Дәрістер  барысында еуропалық және жаһандық ауқымда Еуропалық Одақ дипломатиясының басым міндеттерін жүзеге асыру аясында адам құқығын қорғаудың өзекті мәселелері көтерілді.

         

Дәріс берушілер еуропалық елдердегі және жалпы ЕО-дағы адам құқықтарын қорғаудағы тәжірибенің артықшылықтарына, Еуропадан тыс аймақтарда адам құқықтарын қорғаумен байланысты құндылықтарды алға жылжытудағы еуропалық дипломатияның жетістіктеріне ерекше мән берді.

Қатысушыларға қатысу сертификаттары табысталады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған