«Еуропалық дипломатия және адам құқықтары» тақырыбында халықаралық онлайн мектеп

Ағымдағы жылдың 01 мен 15 қазан аралығында «Жан Моне кафедрасы. Еуропалық дипломатия» жобасы аясында  онлайн-форматта «Еуропалық дипломатия және адам құқықтары» тақырыбында халықаралық мектеп өткізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық бірлестіктері мен қорларының атынан өкілдік ететін, адам құқығын қорғау, сөз бостандығы саласындағы мамандардың қатысуымен Еуропалық және әлемдік ауқымда Еуропалық Одақ дипломатиясының басым міндеттерін іске асыру аясында адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Мектеп жұмысына қатысуға барлық деңгейдегі студенттер, жоғары және орта оқу орындарының, колледж оқытушылары, БАҚ қызметкерлері шақырылады. Мектеп аяқталғаннан кейін тыңдармандарға  қатысу сертификаттары табысталады.

Халықаралық мектебінің жұмысына қатысуға арналған өтінімдерді ұйымдастыру комитеті 2020 жылдың 25 қыркүйек дейін мына e-mail: gulsum-1983@mail.ru бойынша қабылдайды.

Ұйымдастыру комитетінің телефондары:

+7 701 393 81 71 Медеубаева Жанар Мұратбекқызы;

+7 701 807 76 06 Кенжалина Гүлсім Жұмабайқызы.

 

Қатысуға өтініш:

 

1 Аты, жөні

 

2 Ел, қала

 

3 Жұмыс орны

 

4 Қызметі, ғылыми атағы

 

5 Электронды  адрес

 

6 Телефондары

 

7 Ерекше тілегі

«Еуропалық дипломатия және адам құқықтары»

Халықаралық мектептің ұйымдастыру комитеті

Қатысуға өтініш

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған